Азаматтық қоғаммен әрекеттестік

Азаматтық қоғаммен әрекеттестік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және халық арасында тұтастық мәдениетін қалыптастыруға азаматтық қоғам өкілдерін белсенді түрде қатыстырады.

Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап пікір көшбасшыларының, танымал блогерлер мен тұлғалардың қатысуымен 123 бейне үндеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шамамен 78 000 адамды қамтыған 200-ге жуық эфирге шығу жүзеге асырылды.

Сонымен қоса, онлайн-режимде Айтыс ұйымдастырылды. Іс-шараға республика өңірлерінен 16 ақын қатысты.

Жалпы карантин кезінде онлайн-режимде таратудың шексіз қолжетімділігі арқылы қоғамның барлық саласы қамтылатын болады.

«Саналы ұрпақ» жобасы «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау үшін 10 000-нан астам студентке онлайн сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, аталған жоба аясында 10 сәуірде оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта эссе және өлеңдер жазу, сурет салу, бейнероликтер бойынша онлайн-байқау басталды.

Елде төтенше жағдай енгізу халықтың және мемлекеттік органдар өкілдерінің әлеуметтік оқшаулауына әкеп соқты, азаматтар  өз мәселелерін шешу кезінде қосымша байланыс кедергілеріне тап болды.

Қалыптасқан жағдайда ерікті-заңгерлер онлайн режимде тегін заңдық кеңестер беретін «Adal kómek» жобасы ең қолайлы шешім болып табылады. Жоба арқылы кез-келген азамат нақты уақыт режимінде, орналасқан жеріне қарамастан, әлеуметтік оқшаулауды сақтай отырып, жоғары білікті құқықтық көмек ала алады. Жоба кең ауқымда жұмыс істеуі үшін Агенттік адвокаттарды, елдің жетекші заңгерлері мен құқықтанушыларын тартуда.

Жобаны танымал адвокат, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқықтары жөніндегі сарапшы Айман Омарова басқарады.

Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 246 000-нан астам адамды қамтитын 79 эфирге шығу жүзеге асырылды. Жоба іске қосылған сәттен бастап 10 000-нан астам азамат құқықтық кеңес алды.

Оң тәжірибені тарату мақсатында осы жобаны іске асыруға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатысының өкілдерін тарту күтілуде.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив