Жамбылдық жас полицейлер тарихи кешендермен танысты

Жамбылдық жас полицейлер тарихи кешендермен танысты

 

2020 жылдың 2 наурызында Тараз қаласы Полиция басқармасы ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандарға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты тарихты танып, Отандық құндылықтарды қадірлеуге, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара қолдау дәстүрлерін дамыту,  қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады.  

         Экскурсия Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінен басталды. Жас мамандарға тарихи орындармен таныстыруды Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының «102» операторы полиция кіші сержанты Серікбай Ақерке  жүргізіп,  түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде,  әрі демалыс орны негізінде  салынған кешендер туралы жан-жақты мәліметтер айтты.

         Сондай-ақ, «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат» стелласы және «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы сияқты 8 нысан қамтылған Тараз шаһарының екі мың жылдан астам тарихын нақтылай түсетін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени демалыс орны да таныстырылды.

Экускурсияның соңында жас қызметкерлер Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мұражайымен танысып, полиция қызметінің әр уақыттағы даму кезеңдеріне саяхат жасады. Оның ішінде «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғ.Байтасовқа арналған бұрышқа ерекше тоқталып, батыр ерлігіне тағзым етті.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив