Бірқатар ауыл әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелуде

Бірқатар ауыл әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелуде

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Түркістан облысында Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден бұрын келісілген 4 млн. 150 мың теңгеден 2 млн. теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.

Әкім кінәсін мойындады және адвокаттың қатысуымен жедел тергеу жүргізу туралы өтінішті мәлімдеді.

Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексерілуде.

Аталған аймақта Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында күдіктіге қатысты күзетпен ұстау санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік қызмет туралы Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын көздейтін түзетулер қолданысқа енгізілген (Заңның 3-бабының 3-1-тармағы).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив