Полиция подполковнигінің есімі  Құрмет тақтасына таңбаланды

Полиция подполковнигінің есімі Құрмет тақтасына таңбаланды

Биыл Жамбыл облысына 80 жыл толуына орай өңірде 80 нысан ел игілігіне берілді. Соның бірі - Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешені аумағында ашылған «Даңқты спортшылар алаңы». Аталған нысан әр жылдары спорт сайыстарында ел мәртебесін көтеріп, мерейін асырған спортшылардың құрметіне арнайы орнатылған. Алаңға қойылған Құрмет тақтасында Жамбыл өңірінен шыққан 145 даңқты спортшы мен еңбегі сіңген 96 жаттықтырушының есімі жазылған.  

Құрмет тақтасында есімі ерекшеленген Жақсылық Үшкемпіров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сынды спорт саңлақтарының қатарында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Әлметовтің де есімі белгіленді. Оның себебі, Асхат Аманқұлұлы сонау бала кезден спорттың кикбоксинг, қоян-қолтық күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында, Халықаралық турнирлерде, Әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп бірнеше дүркін жеңімпаз атанған. Әлемдік додаларда облыстың ғана емес, ел абыройын асқақтатқан спортшы. Ол қоян-қолтық күрестен спорт шебері болса, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Тақтада көрсетілгендей ең үлкен жетістіктерінің бірі – 2003 жылы Афиныда өткен әлем чемпионатында кикбоксингтен қола жүлдегер атануы еді. Бұдан кейін спорттық жолын ішкі істер органдарындағы қызметіне ауыстырып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді. 

Алаңның салтанатты ашылуы кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова есімі жазылған бірқатар спортшыларға арнайы куәлік табыс етті.

«Осындай мерейлі мерекеде спорт саласындағы аздаған болса да еңбегімізді бағалап, Құрмет тақтасына жазуы, арнайы куәлікке ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – тарихқа таңбалап, белгілегенмен бірдей. Енді келер ұрпақ біз секілді спортшылар болғанын осы тақта арқылы біліп жүретін болады», - дейді зор ризашылықпен полиция подполковнигі А.Әлметов.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив