Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық факторы

Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық факторы

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту –саяси жаңғыру, экономикалық гүлденудің, әлеуметтік саулықтың және азаматтық қоғамның одан әрі дамуының бірден бір шарты болып табылады.

      Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттің транспаренттілігі мен есеп беру міндеттілігіне қолжеткізудің басым бағыттары ретінде еліміздің Тұңғыш Президенті көрсеткен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары болып белгіленді.

          Мемлекет пен қоғамды ауқымды жаңғыртудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау шарттарын  төмендету мен жою бойынша кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізу мәселесі өзектендіріліп отыр, себебі сыбайлас жемқорлық мемлекеттің және мемлекеттік биліктің қалыптасуына кедергі келтіретіні бізге белгілі.

         Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметте мүдделер  қақтығысына жол бермеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  негізгі тетігі әрі барлық мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, айқындылығы, жариялығы принципін  іске асырушы  мемлекеттік қызмет институтының маңызды  аспектісі болып табылады.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аса маңызды механизм ретінде мүдделер қақтығысын реттеу дамыған елдерде кеңінен қолданылуда, алайда Қазақстан Республикасында мүдделер қақтығысы тұжырымдамасы сияқты, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді саясаты  тиісті деңгейде дамымай отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстандық мемлекеттік қызметтегі  мүдделер қақтығысы көріністері  көп жағдайда  кері әсерін тигізіп отырады.

        Ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы, заңмен регламенттелген шектеулер мен тыйымдарды  бұзуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің  жеке қызығушылықтары бір жағынан  оның лауазымдық өкілеттіктері, жеке және заңды тұлғалардың  заңды мүдделері мен құқықтары , қоғам мен мемлекет арасындағы  қарама - қайшылықтардың орын алуы, екінші жағынан сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар  жасау тәуекелдеріне жағдай жасайды.

         Екіншіден, мүдделер қақтығысына жол беру, мемлекеттік билікті іске асырудың заңды тетіктерін мемлекеттік қызметші немесе онымен мүдделес  басқа да тұлғалар үшін  заңнан тыс материалдық немесе өзге де жеке басының пайдасымен алмастырған жағдайда мемлекеттік басқарудың белгіленген тәртібі бұзылады.

         Үшіншіден, мемлекеттік қызметші немесе онымен байланысты тұлғалар мүдделер  қақтығысын реттемеген жағдайда, өзге азаматтар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етуші заңды тұлғалар, сондай-ақ өздерінің қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасы үшін пайдаланбайтын басқа да мемлекеттік қызметшілер  алдында негізсіз басымдықтарға ие болады.

     Осыдан көріп отырғандай, мүдделер қақтығысы көріністері тек мемлекетке ғана емес  сондай-ақ  жалпы қоғамға нұқсан келтіреді, азаматтар тарапынан уәжді сын тудырады.

          Мемлекеттік қызметшілер қызметінде мүдделер қақтығысына жол бермеу  мақсатында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) мүдделер қақтығысын анықтау, жол бермеу және салдарын жою жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы  бойынша Департамент мемлекеттік органдардағы  мүдделер қақтығысының 11 фактісін анықтады.

        Осылайша, Департаменттің  Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Успен ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының (бұдан әрі- Успен ауданы бойынша МКБ) басшысына және Успен ауданы бойынша МКБ –ның салықтық әкімшілік жүргізу бөлімінің басшысына қатысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі - Әдеп кодексі) нормаларын бұзу фактілері бойынша тәртіптік іс қозғады.

          Қызметтік тексеріс барысында МКБ басшысының бұйрығымен азаматша Б уақытша жұмыста жоқ іс жүргізушінің лауазымдық айлықақысының 30 % мөлшерінде жалақысына үстемеақы төлене отырып мұрағатшының  бос лауазымына  қабылданған.

      2018 жылдың 5 ақпаны мен 2018 жылдың 31 мамыры аралығындағы кезеңде азаматша Б Успен ауданы бойынша МКБ штатында бола отырып (2018 жылғы 5 ақпан мен 2018 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңдегі жұмыс уақытын есепке алу  табельдерімен расталған) Успен ауданы бойынша МКБ-ға жұмысқа шықпаған, сондықтан Успен ауданы бойынша МКБ штатында формальді түрде есепте болған, алайда МКБ бөлім басшысы оған жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне  нақты жұмыс істеген күндер ретінде белгі  қойып отырған.

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес МКБ бөлімінің басшысы МКБ басшысынан азаматша Б-ға жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне  нақты жұмыс істеген күндер ретінде белгі қою туралы заңсыз тапсырма ала отырып, мүдделер қақтығысына жол бермеу мақсатында жазбаша түрде мемлекеттік органның басшысына (мемлекеттік кірістер департаментіне)орын алып отырған  мүдделер қақтығы жөнінде жазбаша түрде  хабарлауы тиіс еді, бірақ ол оны істемеді.

         Әдеп жөніндегі Кеңестің  отырысында тәртіптік істерді  қараудың нәтижесінде  Успен ауданы бойынша МКБ басшысы атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі, ал Успен ауданы бойынша МКБ –ның салықтық әкімшілік жүргізу бөлімінің басшысы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Сондықтан да мүдделер қақтығысын реттеумен тек мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ғана емес, барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары мен мемлекеттік қызметшілер де айналысуы тиіс.

Мүдделер қақтығысының кері салдарын төмендету үшін мемлекеттік органдар, жауапты лауазымды тұлғалар және мемлекеттік қызметшілер оның пайда болуына ықпал еткен себептер мен шарттарды анықтап,   қақтығыстың даму серпінін белгілеп, оның барысын қадағалауы, шешуді басқаруы, қақтығыстық қарама –қайшылықтар  деңгейін төмендетуі қажет.

Сонымен қатар, мүдделер қақтығысына жол бермей, оны реттеуге қатысты шаралар қабылданбағаны үшін қолданыстағы заңнамамен жауапкершілік көзделген.

Мемлекеттік қызметшілердің, олардың тікелей басшыларының және мемлекеттік орган басшысының жауапкершілік мәселесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының деңгейінде бекітілген.

Мүдделер қақтығысымен  байланысты, соның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік 

қызметшіге қатысты ескертуден басталып, атқарып отырған лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауапкершілік түрі қолданылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар  қабылдамауы әкімшілік және қылмыстық тәртіпте қудаланатынын ұмытпауы тиіс.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив