Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы  электронды түрде көрсетілуде

Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетілуде

 

Алматылықтардың жоғары сұранысына ие электронды қызметтердің қатарында электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу; салық төлеушіні тіркеу; бақылау-кассалық машиналарды машиналарды тіркеу және тіркеуден шығару

 

         Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 45 түрін ұсынатынын хабарлайды. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 533 279 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электронды түрде - 3 306 070 немесе 93,8%, мемлекеттік корпорация арқылы 9 194 қызмет көрсетілген. Соның ішінде ең көп таралған қызмет түрлері:

  • Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу - 73 087;
  • Салық төлеушіні тіркеу - 23 925;
  • Бақылау-кассалық машиналарды машиналарды тіркеу және тіркеуден шығару (БКМ)-55 410;
  • Салық есептілігін қабылдау - 1 199 372;
  • Жеке шоттан бюджетке есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы үзінді көшірмелер беру - 1 489 506;
  • Салық есептілігін қайтарып алу - 49 187;
  • Есепке алу және салықты қайтару, бюджетке төлемдер, айыппұлдар, өсімпұлдар - 18 857;
  • Тауарларды кедендік рәсімдеу – 109 028.

Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет көрсету аудандарына бөлу арқылы қызметтер ұсынудың пилоттық жобасы енгізілгенін атап өткен жөн, яғни модернизацияланған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығында модератор ағымдарды санатына қарай таратады: қолдау, прогресс, құрметті, бастауыш, балалар. Яғни, әркім өзіне лайықты санатты таңдап, операторымен талқылауға болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив