Жыл басынан бері Қазақстанда 217 млн. АҚШ долларын құрайтын  4 инвестициялық жоба пайдалануға берілді

Жыл басынан бері Қазақстанда 217 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 инвестициялық жоба пайдалануға берілді

 

2019 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен шетелдік капиталының қатысуымен жалпы құны 217 млн.АҚШ доллар болатын 4 жоба іске асырылды. Сонымен қатар, осы жылы жалпы соммасы 1,7 млрд. АҚШ долларын 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 7,1 млрд. АҚШ долларын болатын 34 жоба белсенді кезеңге өтті.

Жыл соңына дейін келесі міндеттер қойылды: жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын болатын 30 жобаны пайдалануға беруге көмек көрсету және құны 4 млрд. АҚШ долларын болатын 35 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға ықпал ету жоспарланып отыр.

Пайдалануға беру жоспарланған жобалардың жалпы санының шамамен 40%-ы жаңартылатын энергия көздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты экономиканың жаңа секторларына келеді. 2019 жылы жалпы 400 МВт күн электр станциялары, 90 МВт жел электр станциялары және 25 МВт гидроэлектр станциялары іске қосылады деп жоспарлануда. Іске қосу жоспарланған электр станцияларының жалпы құны 680 млн. АҚШ долларын құрайды.

Осы жылдың мамыр айында «Kazakh Invest» өз алаңында 1000-нан астам қатысушыларды, оның ішінде ірі әлемдік компаниялар мен отандық бизнес басшыларын, халықаралық сарапшыларды, халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинаған «Kazakhstan Global Investment Roundtable» жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы үшінші «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар. Іс-шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойды.

Айта кететін жайт, инвесторлармен ел Үкіметі атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші және «бір терезе» қағидаты бойынша әрекет ететін компания инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрды: қазақстандық заңнама мен рәсімдерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылды, шешімдер қабылдаудың ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктеме төмендетілді.

Бұдан бөлек, 13 тамыз күні Қазақстанның Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысын ұйымдастыру жаңа ережелерін, сондай-ақ инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынан әріптестікті орнату тәртіптерін бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларға қызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды. Құжатқа сәйкес инвесторлар үшін бас операторы ретінде «Kazakh Invest» бекітілді.

Бүгін қазақ, ағылшын және орыс тілінде invest.gov.kz бірыңғай ұлттық интерактивтік интернет-ресурс жұмыс істеуде. Сайтта инвестициялауды қажет ететін жобалар туралы мәліметтен бөлек әр түрлі мәселелер бойынша сұрауларды қабылдайтын қызмет іске қосылды. Тәулік бойы +7 (7172) 620 620 нөмірі бойынша инвесторлар үшін 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1236 консультациялық қызметтер көрсеткен сall-center жұмыс істеуде. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында инвесторлар тарапынан 35 өтініш түсті.

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ ҚР Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып саналады. «Kazakh Invest» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив