«Учаске»  жедел алдын - алу іс-шарасы

«Учаске» жедел алдын - алу іс-шарасы

 

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 01 сәуірі  мен 30 маусымы аралығында «Учаске» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде.

«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 4 мыңнан астам пәтерлер мен 3 мыңнан астам жеке үйлерді  аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 600-ге жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 500- ге жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 200-ден астам пәтер  тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.

Осылайша, учаскелік полиция инспекторлары өзінің қызмет көрсететін әкімшілік аумағын тексеру барысында Қарасай батыр көшесіндегі пәтердің бірінен 106,39 грамм гашиш есірткі заттарын сақтау фактісін анықтады. Оқиға орнында бұрын ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-ші бөлігі(Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1987 жылы туылған «В» есімді пәтер иесі ұсталды.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 2000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 100-ден астамы ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. «Ұсақ бұзақылық» бойынша, сонымен қатар, 800-ге жуығы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру»  бойынша және т.б.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 400-ден астам шетел азаматы анықталды.

 

Нұр-Сұлтан қ. ПД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив