«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығының қолдауымен «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында облыстың шалғай ауыл-аймақтарында кездесулер өткізілді.

Акцияның мақсаты – қоғамда мейірімділікті, өзара риясыз көмек жасауды, жасөспірімдердің, аналардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуді насихаттау болып табылады.

Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Қоғамдық келісім», «Аналар кеңесі», «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақсақалдар кеңесі», сондай-ақ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының белсенді мүшелері қатысты.

Акция шеңберінде «Жаңғырған ауыл» жобасымен таныстыру, «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары», «Отбасындағы әйелдер образы мен балалар тәрбиесі», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Медиация – ел бірлігінің негізі», «Қазіргі заманғы дәстүрлі өнердің ролі», «ҚР этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Ақмарал Жанысова жиналғандарға Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» Заңының шеңберінде полиция қызметінің жұмысы туралы, қиын жағдайға ұшыраған әйелдердің «Дағдарыс орталығы» мен «Аналар үйіне» орнықтыру ережелері туралы қажетті ақпараттар берді.

«Қайырымдылық керуені» аясында әр ауданда 5 этностық отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив