шығу соты

шығу соты

Ұсақ құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру, сонымен қатар,  қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстарды алдын-алу мақсатында  ағымдағы жылдың қаңтарында Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 34/1 мекенжайы бойынша орналасқан Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ғимаратында кезекті көшпелі сот отырысы өтті.

Кезекті көшпелі сот отырысында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 30-дан астам әкімшілік іс қарастырылды.

2019 жылдың қаңтар айының 21-ші жұлдызында 1996ж.т. Т.есімді азамат Астана қаласының әкімшілік ғимаратының бірінде былапыт сөздерді айту арқылы айналасындағыларына сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының учаскелік полиция инспекторымен Т. есімді азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабын «Ұсақ бұзақылық»  бір жыл ішінде қайта жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қ. Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 23 жастағы елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-ші тармағы «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып 1 тәуліктік әкімшілік қамауға алынды.

Т.есімді азамат өзінің кінәсін толық мойындап, екінші рет қайталанбауына сөз берді.

     434-бап. Ұсақ бұзақылық

  1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –
          он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
    2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
          он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
          3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының
    екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
          жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

5 пікір

  1. аватар
    Paige 4 февраля 2024 16:08

    Hello my family member! I wish to say that this article is amazing,
    great written and come with almost all significant infos. I'd like to
    see more posts like this .

    Here is my web blog - Delila

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив