Әділет министрлігі адвокаттар, нотариустар мен ЖСО аттестациялауын жетілдіруге ниетті

Әділет министрлігі адвокаттар, нотариустар мен ЖСО аттестациялауын жетілдіруге ниетті

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен өткізу мақсатында, Әділет министрлігі адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысы қызметтеріне үміткерлерді аттестаттау тәртібін реформалауды ұсынады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта адвокаттар алқасында, нотариаттық палатада және жеке сот орындаушылар палатасында тағылымдамадан сәтті өткен тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдарының жанында құрылатын тиісті комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Аттестаттау кезеңдерінің бірі – аумақтық әділет органдарында өткізілетін ҚР-сының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеу. Бұл процесті ұйымдастыру ерекше сипатқа ие және озық технологиялық инфрақұрылымды және арнайы оқытылған кадрларды қажет етеді. Сол себепті тестілеуден өткізуді «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ базасында және тестілеудің өңірлік орталықтарында жүзеге асыру ұсынылады. Бұл мекеме тестілеуді бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, енгізуге және техникалық сүйемелдеуге, сондай-ақ тестіленушілердің құзыретінің деңгейін растауға тиімді тәжірибе мен қажетті ресурстарға ие.

Бұл ретте, тестілік тапсырмаларды Республикалық адвокаттар алқасы, Республикалық нотариаттық палатасы және Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы дайындайтын болады.

Бұдан бөлек, үміткерлерді тестілеу ақылы негізде жүргізіледі.

Бұл бастама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп қана қоймай, аттестаттаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұсыныстарыңызды электрондық почтаға жолдауларыңызды сұраймыз: e.zhandosova@adilet.gov.kz Жандосова Э.Г., r.ashenova@adilet.gov.kz Ашенова Р.Б., er.miraliev@adilet.gov.kz Миралиев Е.К.

  

                                                          ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив