Құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейту мәселелеріне арналған Криминологиялық форум

Құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейту мәселелеріне арналған Криминологиялық форум

 

2018 жылғы 16 қараша, Астана. Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ заңгерлік университетінің негізінде Құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейту  және Қазақстанда электронды сот өндірісін енгізу мәселелеріне арналған Криминологиялық форум өтті.

Оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент, Әкімшілігінің, Жоғағы Соттың, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, адвокаттар, ғалымдар қатысты.

Шетелдік қонақтар ретінде Украина ішкі істерінің Днепропетровск мемлекеттік университетінің ректоры мен қызметкерлері, сондай-ақ Украина прокуратурасы Ұлттық Академиясының өкілдері шақырылды.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейту  жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру, сонымен қатар осы салада тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында Қазақстанда құқық қорғау органдары жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар кешені жоспарлы түрде жүзеге асырылып отырғаны аталып өтті.

Осылайша, бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Ашық үкімет порталы қызмет етуде, онда үйден шықпай-ақ қажетті ақпаратты ғана емес, түрлі қызметтерді де алуға болады. Бірінші басшыладың блогтары, құқық қорғау қызметтерінің орталықтары, қоғамдық кеңестер қызмет атқарады. Азаматтардың қабылданып жатқан заңнамаларды талқылауға қатысу мүмкіндігі бар.

Ақпараттық саясатқа қатысты мемлекеттік органдардың сайттары мен бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау қызметі туралы ақпараттың қате берілу мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ ақапарттық алаңдарда  имидждік контентті өндіру және оның таралымын көбейтуге мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру сұрағы қарастырылды.

Форумның екінші сессиясында қылмыстық процестің ашықтығын күшейту проблемалары мен перспективалары талқыланды.

Бұл бағытта елімізде оң үрдіс көрініс тапқаны аталып өтті.

Атап айтқанда, сәйкес заңнамалық негіз бар, құқық қорғау органдарын материалды-техникалық жабдықтау бойынша шаралар қабылданды, ақпараттық-аналитикалық жүйелер қызмет етуде, қылмыстық сот өндірісі электронды форматқа кезең-кезеңмен өткізіліп жатыр.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап онша ауыр емес қылмыстар мен  теріс қылықтар бойынша «Е-қылмыстық іс» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы, жобаның іске асырылуы кезінде 14,5 мың қылмыстық іс электронды форматта тергелді (барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың 4%), олардың 4,5 мыңға жуығы сотқа жолданды.

Форумның қатысушылары  прокуратураның қылмыстық процессті сандық жүйеге көшіру саласындағы бастамасына оң баға берді.

Отырыс нәтижелері бойынша құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын күшейтуге, ақпараттық саясаттың сапалы жүйесін жасауға, елімізде қылмыстық сот өндірісін дамытуға бағытталған ұсыныстар енгізілді.

 

Құқық қорғау органдарының академиясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

6 пікір

  1. аватар
    Albertina 27 декабря 2023 19:10

    Attractive section of content. I just stumbled upon your website and in accession capital to assert that I acquire in fact enjoyed account your blog
    posts. Any way I'll be subscribing to your augment and even I achievement
    you access consistently quickly.

    Have a look at my webpage: prix du risedronate en Belgique

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив