Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары  республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде  мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310 орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ. Ал қыркүйектен бастап астаналық мектептерде орналастырылатын 3721 орындық мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Биылғы қаңтардан бастап Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған «Сымбат» мектеп-интернатында 600 орындық мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қаражат қарастырылды.

Осылайша, жекеменшік мектептер жүйесі мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті  қолдау нәтижесінде аталған аймақтарда 2022 жылға дейін 56 300 оқушы орнын қамсыздандыратын 89 жаңа мектеп ашылмақ.

Астана, Шымкент және Ақтөбеде апробациядан өткізілетін мектеп басқарудың жаңа үлгісі ел ауқымында таратылады. Жан басына қаржыландыру басқа да өңірлерде, халықтың демографиялық өсу жағдайы жоғары облыс орталықтарында енгізіледі.

Министрлік жекеменшік балабақшалар құрылысындағы жетістікті орта білім саласына да таратуды көздейді.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив