Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негізін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасын депутаттар мақұлдады

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негізін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасын депутаттар мақұлдады

15 қараша 2017 жыл, Астана.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселесі бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бірінші оқылымда Мәжіліс мақұлдады.

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне Мемлекет басшысының заң шығару бастамасымен енгізілді.

Заң жобасында Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарына өзгерістер енгізу көзделген.

Бас Прокурор Жақып Асанов заң жобасын таныстыра отырып, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет тарапынан жасалған еліміздегі қылмыстық хал-ахуалды жақсарту  бойынша шараларға қысқаша тоқталды, атап айтсақ, қылмысты есепке алуды қатаңдату, жазаны ізгілендіру, оның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша, түрмедегілердің санын азайту, сонымен қатар жекелеген қылмыстардың санаттары бойынша жауаптылықты күшейту туралы.

 «Жалпы алғанда заңдарды жетілдіру бұл тұрақты, тоқтамайтын процесс. Оны терең ойластырып, таразылап, кезең-кезеңімен жасаған дұрыс. Бұл ретте адам құқығы мен қылмыспен күрес арасындағы теңгерім бұзылмауы тиіс», - деп атап өтті Бас Прокурор.

Ж. Асановтың пікірінше заң жобасын екі блокқа бөлуге болады.

Оның біріншісі адам құқығын қорғауды күшейтсе, ал екіншісі процесті үнемдеуге бағытталған.

Адам құқығын күшейтудегі жаңалықтар – соттың санкциясынсыз азаматтарды ұстау мерзімін 72-ден 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін қысқарту; экономикалық қылмыстар бойынша күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының негіздерін азайту; азаматтарға өздеріне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабарлау міндеттілігі; адвокаттардың өтінішхат ұсыну мен дәлелдемелерді жинау бойынша құзыреттілігін кеңейту.

Сонымен қатар Бас Прокурор тағы бір өзгерісті атап өтті. Ол - іс қандай фактімен тіркелсе, тергеушілер тергеуді тек соның шеңберінде ғана жүргізуге міндеттеледі. Олай болмаған жағдайда прокурор немесе сот мұндай істерді қысқартады.  

 «Бұл өзгерістер осыған дейін қалыптасқан тәжірибені жою үшін жасалуда, қазір іс бір фактімен қозғалады, ол бойынша дәлелдемелер табылмаған соң әйтеуір жауаптылыққа тартудың амалын табу үшін басқа айғақтарды іздейді», - деді Асанов.

Қылмыстық процесті үнемдеуге бағытталған өзгерістер қатарына бұйрық өндірісі институтын енгізу мен істерді электрондық форматқа ауыстыруды атауға болады.

Бұйрық өндірісі бойынша қылмыстық іс айқын, күрделі емес істерде, күдіктінің кінәлілігіне ешқандай күмән болмаған жағдайда, жеткілікті түрде дәлелдемелер табылғанда және жәбірленуші қарсы болмағанда жүргізіледі.  Осындай істер тіркелгеннен бастап соттың айыптау үкімінің шығуына кететін мерзім небәрі орташа есеппен 10 күн. 

Қылмыстық процесті цифровизациялау бюрократиядан құтылуға, осылайша қажет анықтамалар мен келісімдерді жұмыс орнынан шықпай, электронды түрде алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ материалдарды жоғалту мен бұрмалау фактілерін болдырмайды.

 «Ең бастысы – цифровизациялау адам құқығын қорғауды күшейтеді. Бүкіл процесс алақандағыдай айқын болады. Прокурорлық бақылау артады. Сыбайлас жемқорлық азаяды. ІТ жүйе тергеушінің, прокурор мен судьяның жұмысын анағұрлым жеңілдетеді», - деді Бас Прокурор.

Қазіргі таңда пилоттық режимде еліміздің 6 облысында  400-ден аса іс электрондық форматта тергелуде, сонымен қатар 200-ге жуық санкция алынды.

Бас прокуратура әзірлеген ІТ жүйе бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді. Қылмыстық істерді толықтай цифрлық форматқа көшіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Депутаттар заң жобасының мазмұнын жоғары бағалады және қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын күшейтуге мүмкіндік беретіндігіне сенімділік білдірді.

        

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив