АЗРК ДЕПАРТАМЕНТІ КАРТЕЛЬДІК КЕЛІСІМДІ АНЫҚТАДЫ

АЗРК ДЕПАРТАМЕНТІ КАРТЕЛЬДІК КЕЛІСІМДІ АНЫҚТАДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС «Outdoor.kz» (бұдан әрі - ЖШС) және «Раммал» ЖК (бұдан әрі-ЖК) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеуді Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері бойынша (бұдан әрі-ҚР КК) аяқтады.

Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Департамент сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе қолдауға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға бағытталған картельдік сөз байласуға қол жеткізу фактісін анықтады.       

Осыған байланысты, аталған факті бойынша 2024 жылғы 11 қаңтарда Департамент ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің                   159-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына (бұдан әрі - МӘС) берілді.

МӘС қаулысымен ЖШС-ге мемлекет кірісіне 463 210 теңге мөлшерінде бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркіленіп, 478 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.        

Қазіргі уақытта ЖШС әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді, монополиялық табыс мемлекет кірісіне өндірілді.   

       

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив