Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы еріктілер аудандардың әлеуметтік нысандарын мониторингілеуде бірқатар бұзушылықтарды анықтады

Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы еріктілер аудандардың әлеуметтік нысандарын мониторингілеуде бірқатар бұзушылықтарды анықтады

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері мен мобильді топ бірлесіп, Алға және Мұғалжар аудандарының проблемалық объектілерін мониторингілеу кезінде әлеуметтік объектілердегі ақаулар мен бұзушылықтарды анықтады.
Мониторинг барысында өткен жылы ғана пайдалануға берілген Алға қаласындағы орталық саябақ ерекше назарға алынды. Саябақты қайта жаңартуға бюджеттен 314 млн теңгеден астам сома жұмсалғанына қарамастан, ондағы жарықтандырулардың 80%-дан астамы істен шыққан, шағын арихитектуралық формалармен фотоаймақтар жарықтандырылмаған, шағын футбол алаңының қоршаулары жарамсыз.
Бұдан басқа, Абай және Республика көшелерінің автомобиль жолдары, №1 тұрғын алабының көшелері қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі анықталды.
«Мен мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы сарапшымын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік»жобасының волонтерімін. Біз өңірдегі автожолдардың жай-күйі мәселелерін жылдан жылға көтеріп келеміз. БүгінАқтөбе-Атырау трассасынатұрғындар да, жолсеріктер де шағымданып, мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды. Осы жолды қайта жаңарту шартының сомасы 39,7 млрд теңгені құрайды. Біз осы мәселелерді көтеріп, жағдайдың шешімін тапқымыз келеді», - деді ӘлішерМәжит.
Айта кетейік, Алға қаласындағы 70 көшенің 23-де асфальт жоқ. Биыл бюджеттен 9 көшедегі жолдарды қайта жаңартуға 2 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ, Қандыағаш қаласында «Самал» шағын ауданында салынуы 3-ші жылға созылған 600 орындық мектеп құрылысына да мониторинг жүргізілді. (Қазіргі таңда ұзаққа созылған құрылысқа байланысты балалар1000 оқушы сыймайтын көрші мектепке автобуспен баруға мәжбүр).
Қандыағаш қаласының автожолдарына мониторинг жүргізу кезінде ассенизаторлық машиналардағы кәсіпкерлер жаңбырлы ауа-райында шиналардың ластануына байланысты үнемі айыппұлдарды төлеуге мәжбүр екендігі анықталды. Оған негізгі себеп: Баймұханов көшесінде асфальт жабыны мен кәріз ағындарын төгу жағдайларының болмауы.
Сапар нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік органдарға, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалына ақауларды жою бойынша ұсынымдар берілді.
Соныменқатар, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында заңгерлермен құқықтық кеңес беріліп, азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
Атап өтейік, мониторингтің негізгі мақсаты –проблемалық мәселелерді анықтау және жою, сондай-ақ консультациялар өткізу және жергілікті тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдау болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив