САЛЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ КЕШІКТІРМЕЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

САЛЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ КЕШІКТІРМЕЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

«Салық әмияны» дегеніміз не?

«Салық әмияны» – e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн-режимде салықтарды уақытылы төлеуге мүмкіндік беретін сервис.

Жеке тұлғалар салықтың бірнеше түрін төлейді: мүлікке, көлікке, жерге және т.б. Олардың әрқайсысын төлеу үшін түбіртекті нақты деректемелерді көрсете отырып толтыру қажет: БСК, ТТК, БСН, төлем сомасы. Қазақстан азаматтары үшін салық төлеу рәсімін жеңілдету үшін бірыңғай салық әмияны әзірленді.

Салық әмиянынандағы ақша қаражаты уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есептеледі.

Салық әмиянын қалай ашуға болады?

Кез-келген жеке тұлға – смартфон иесі салық әмиянын аша алады. Заңды тұлғалар салық әмиянын пайдалана алмайды.

Салық әмиянын ашу үшін не қажет?

  • мобильді азаматтар базасында жеке тұлғаны тіркеу (ұялы телефон нөмірі жеке тұлғаның ЖСН-не байланысты болуы тиіс);
  • ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) болуы.

Телефонға e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын жүктеп алу, ЭЦҚ немесе СМС-код арқылы аутентификациядан өту қажет, осы арқылы салық әмияны қол жетімді болады.

Салық әмиянының мүмкіндіктері

Салық төлемдерін төлеудің балама әдісі ретінде салық әмиянының бірқатар артықшылықтары бар:

  • шотты бірыңғай реквизиттерге толтыру, бірнеше жеке түбіртектерді толтырудың қажеті жоқ;
  • алдағы төлем мерзімі туралы хабарлама;
  • төлем мерзімі келгенде қаражатты автоматты түрде есептен шығару;
  • қаражатты есептен шығару туралы хабарламаны алу;
  • жүргізілген операциялардың тарихының сақталуы;
  • қаражаттың жұмсалуын бақылау;
  • алдағы төлемдерді жоспарлау.

Салық әмиянын қалай толтыруға болады?

«Салық әмиянын» толтыру келесі реквизиттерге жүргізіледі:

Бенефициардың атауы: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициар банкінің атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің БСК: KKMFKZ2A

ЖСК бенефициарының шоты: KZ24070105KSN0000000

БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері»

ТТК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»

«Салықтық әмиян» сервисінен сомаларды қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде egov.kz немесе «Салық төлеуші кабинеті» арқылы жүргізіледі. Салық әмиянымен төленетін салықтарға комиссия салынбайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив