Кедендік тексеру саны азайып, тиімділігі бірнеше есе өсті

Кедендік тексеру саны азайып, тиімділігі бірнеше есе өсті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Теңіз порты» кеден бекеті соңғы жылдары тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалатын кедендік жете тексеру саны бірнеше есе азайғанын хабарлайды. Бұл өз кезегінде сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға жүктемені азайтуға және тәуекелі жоғары компанияларды кедендік бақылауға тартуға мүмкіндік берді.

Халықаралық сауданың дамуымен қатар кез-келген мемлекет ерте ме, кеш пе тауарлардың импорты мен экспортын бақылауға міндетті болады.

Ол үшін тауарларды тасымалдау және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қағидалары әзірленеді, сондай-ақ кедендік бақылау нысандары белгіленеді, олардың бірі кедендік жете тексеру болып табылады.

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 413-бабына сәйкес кедендік жете тексеру тауарларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын алып тастай отырып, тексерілетін объектілерді және олардың бөліктерін бөлшектеп немесе тұтастығын бұза отырып, тауарларды, оның ішінде көлік құралдары мен жеке тұлғаның жолжүгіне қатысты, тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк орналасатын (бөліктерін), сыйымдылығын ашып тексеріп қарауды жүргізуден және өзге де іс-қимылдар жасаудан тұратын кедендік бақылау нысаны болып табылады.

Кедендік жете тексеру кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді алу және (немесе) тексеру мақсатында жүргізіледі.

Тәуекелдің жоғары санатына жататын сыртқы экономикалық қызметіндегі қатысушыларға назар аудару мақсатында мемлекеттік кірістер комитетінің органдарының қарамағындағы  ақпаратқа тұрақты түрде талдау жүргізіледі (шет мемлекеттердің кеден қызметтерінің ақпараты, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының мәліметтері, көлік құралы қозғалысының сипаттамасыз бағытын пайдалану, ілеспе құжаттарды зерделеу, электрондық шот-фактураларды талдау арқылы тауарлардың түпкілікті нәтижеге дейінгі қозғалысы) және сыртқы экономикалық қызметтің тәуекелді қатысушысының портреті қалыптастырылады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасынан кептірілген жемістерді импорттайтын қазақстандық компанияға қатысты кедендік жете тексеру тағайындалды. Жүргізілген кедендік тексеру қорытындысы бойынша жалпы салмағы 42,4 тонна және 300 литр мақта майы декларацияланбаған салық салынатын тауарлар анықталды.

Мұндай мысалдар бірлі-жарым емес екенін атап өткен жөн. Бұл ретте кедендік тәуекелдер өңірге, тауарлардың ерекшелігіне және көлік құралының түріне байланысты өзгеріп тұрады.

Жүргізілген жұмыс шеңберінде соңғы үш жылда тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалатын кедендік жете тексеру саны 3-4 есеге төмендеді, сонымен қатар бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігі 1,5-2 есеге артты.

Сондай-ақ, бұл көрсеткішке қол жеткізуге тауарларды өзара ақпаратпен алмасу кезіндегі жөнелтуші елден келіп түскен мәліметтерді автоматты түрде салыстырудың еңгізуі ықпалын тигізді.

Бүгінгі күнде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды жөнелтуші елдің экспорттық кедендік декларацияларынан онлайн режимде ақпарат алмасу туралы бірнеше халықаралық шарт жасасты.

Бұдан басқа, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылығына тиісті мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында жүргізілетін кедендік жете тексеру жүргізу процессін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін төске тағатын бейнетіркегіштерді қолдану мүмкіндігі іске асырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2023 жылы Маңғыстау облысында 986 кедендік жете тексеру аяқталды, кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша есептелген сомасы 138,3 млн. теңгені құрады, 528 кедендік ережелерді бұзу анықталды, олар бойынша 5,3 млн.теңге сомасына айыппұл төленді, 1 қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив