«Қостанайда жемқорлыққа қарсы еріктілер 72 млн. теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды»

«Қостанайда жемқорлыққа қарсы еріктілер 72 млн. теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына мониторинг жүргізу барысында 100 миллионнан астам тенге қаражатты үнемдеді.

Бүгінгі таңда бұл жұмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер белсенді түрде тартылып, олар күн сайын мемлекеттік органдардың жоспарлы сатып алуларын зерделейді. Тауарлар мен қызметтердің құнын анық көтерген жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілерінің атына ұсыным хаттар жолданады.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 айында мемлкеттік сатып алулар порталдарының мониторингі барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар мемлекеттік органдардың атына 140-тан астам хат жолдап, қорытындысы бойынша 72,6 млн теңге үнемдеді.

Бұл туралы 4 сәуірде өңірлік коммуникациялыр қызметіде өткен брифинг аясында, Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов  айтып кетті.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу порталдарының мониторингі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болып табылады, ол жоспарлау сатысында да бюджет ақшасының қажетсіз шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің ақпараты бойынша жоба басталғаннан бері барлығы 76,8 млн теңге үнемделді, яғни, биылғы жылдың бірінші тоқсанында еріктілер алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда нәтижеден едәуір асып түсті, бұл олардың осы жұмысқа белсенділігін көрсетеді», - деп атап өтті Рүстем Тоқбергенов.

Сонымен қатар, айтылған ақпарат бойынша, мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі еріктілерге соманың артуын ғана емес, басқа да проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, мониторинг барысында волонтер, 2021 жылы Әулиекөл ауданының ТКШ бөлімі мен «Қаз Нұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС арасында Құсмұрын кентіндегі №2 қазандықты қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге 3 776 100 теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын анықтады. Бюджет қаражаты төленді, алайда ЖСҚ әзірленбеді және тиісінше қазандықты қайта құру жүргізілмеді. Мемлекеттік аудит органдарына хат жолданды. Аудит нәтижелері бойынша ТКШ бөлімінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама жіберілді.

Департамент басшысының орынбасары атап өткендей, осыған ұқсас мысалдар әлі де бар, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған бағытта еріктілермен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив