Қазақстан мен Қытай көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Қытай көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Еліміздің көлік саласына жауапты министрі Марат Қарабаев Бейжің қаласына жұмыс сапары шеңберінде ҚХР мемлекеттік органдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. 

Атап айтқанда, ведомство басшысы ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Ли Чунлинмен және ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Линь Цзимен келіссөздер жүргізді. 

Марат Қарабаев көлік саласында Қытаймен әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге дайын екенін білдірді. 

Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға және олардың экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететін темір жолдарды, теңіз порттарын және транзиттік маршруттарды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. 

Өз кезегінде Қытайдың мемлекеттік органдарының басшылары аталған салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты қолдауға және ілгерілетуге дайын екендіктерін білдіріп, әріптестікті дамыту перспективаларына сенім білдірді. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив