Орташа тәуекел дәрежесіндегі камералдық бақылаудың жаңа форматы

Орташа тәуекел дәрежесіндегі камералдық бақылаудың жаңа форматы

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – салық төлеушіге салық есептілігін тапсыру кезінде жіберілген бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру екенін хабарлайды.

Ағымдағы жылдан бастап қолданыстағы мониторинг жүйесі орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламаларды орындау бөлігінде оңайлатылды. Енді орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламалар бойынша берілген түсініктемелер автоматты түрде орындалды деп танылады және олар бойынша шешім шығарылмайды.

Бастысы, 30 жұмыс күнінен кешіктірмей түсініктеме беру, әйтпесе банктік шот бұғатталады.

Түсіндірмені формалды түрде емес, мүмкіндігінше дәлелдермен ұсыну керек. Бұзушылық туралы барлық дәлелдерді жоққа шығаратын құжаттарды бере отырып, онымен келіспеу жағдайларын толығымен сипаттау қажет. Толық емес және дәлелсіз түсіндірме тақырыптық салықтық тексеруді ашуға негіз болуы мүмкін.

Осыған байланысты, біз салық төлеушілерді салық төлеушінің кабинетін жиі тексеруге немесе салық органдарының хабарламаларын жіберіп алмау үшін e–Salyq Business мобильді қосымшасын жүктеп алуға шақырамыз. 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылы камералдық бақылау қорытындысы бойынша 11206 хабарлама шығарды, олар бойынша бюджетке 11 млрд.теңгеге жуық өндіріп алынды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив