Өзбек рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылатын болады

Өзбек рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылатын болады

Өзбек рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді.

Пилоттық жоба биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттрінде кеден органдарының өзбек рұқсат бланкілерін электрондық түрде беруді жүзеге асыруды көздейді.

Тасымалдаушыға «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсаттарды беруге өтінішті қабылдау Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асады. Ол үшін келесі құжаттардың болуы міндетті:

1) электрондық кезек жүйесінде тіркеу;

2) көлік құралдарына арналған құжаттар;

3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі;

4) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары;

5) ҚР аумағынан кеткені үшін алым сомасының бюджетке төленуі.

Аталған механизм тасымалдаушыларға Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалдауды жеңілдетуге және кезектегі орындармен әрі рұқсат бланкілерімен алыпсатарлықтың алдын алуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Өзбекстан Республикасына Қазақстанның аумағы арқылы келетін отандық тасымалдаушылар аталған өткізу пунктерінде өзбек рұқсаттарын электрондық түрде алатын болады.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитсіз Өзбекстан Республикасына келетін отандық тасымалдаушылар Қазақстан Республикасында Халықаралық автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының талаптарына сәйкес электрондық үкімет порталы арқылы өзбек рұқсаттарын ала алады.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив