Жамбыл облысының тұрғыны несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен алаяқтық жасап, азаматтарды алдаған

Жамбыл облысының тұрғыны несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен алаяқтық жасап, азаматтарды алдаған

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысты күдіктелген әйелді анықтады. 

Бірнеше жергілікті тұрғын полицияға шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, бір әйел азаматша алдау жолымен және сенімге кіру  арқылы қолданыстағы несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген. Келтірілген шығынның  жалпы көлемі шамамен 10 миллион теңгені құрайды. 

Тергеу барысында күдікті әйелдің ауыл тұрғындары  арасында қарыз алушылардың барлық несиелерін жабуға көмектесе алатындығы туралы ақпарат таратқаны анықталды.

Қолма-қол ақшаны алып, ол бірнеше клиенттің банктер мен несиелік мекемелер алдындағы негізгі қарызын жауып тастаған, келесі айларда әйел басқа адамдардың несиелерін төлемей, қарыз алушылардың ақшасын жеке  қажеттіліктері үшін пайдаланған. 

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның өңір аумағында осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қолданыстағы заңнаманы айналып өту жолдарын іздемей, оның талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Барлық қызметтерді ресми өкілдер арқылы алу қажет. Өйткені заңды рәсімдерді айналып өтуді көздейтін мұндай шалыс қадам жасаған жағдайда екі тарап үшін де жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив