Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жас ғалымдарды жол құрылысындағы инновациялар конкурсына қатысуға шақырады

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жас ғалымдарды жол құрылысындағы инновациялар конкурсына қатысуға шақырады

65 жылдық мерейтойына орай Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты «Жол құрылысы саласындағы үздік инновациялық жоба» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды

Бастама жас ғалымдардың, жол құрылысы мен инфрақұрылым саласына қызығушылығын арттыру және ынталандыруға бағытталған.

«Ғылыми мекемелердің, университеттердің, кәсіпорындар мен жеке зерттеушілерді осы шараға қатысуға және жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алатын жастарды өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін көрсетуге шақырамыз», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова. 

Байқау жеңімпаздары 12 сәуірде Ғылым күні қарсаңында анықталатын болады. Аталған іс-шара жол құрылысы саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын арттыра түспек.

Конкурсқа қатысу жас ғалымдарға өздерінің инновациялық жобаларын ұсынуға және Қазақстанның жол саласын дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Өтінімдер 20 ақпаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады. Байқауға қатысу үшін qazjolgzi.kz ресми сайтына кіріп, «Ғылыми-зерттеу орталығы» бөліміне өтіп, берілген нысан бойынша қосымшаны толтыру қажет. Қосымша ақпаратты ресми сайттан немесе 8 (708) 888-80-18, 8 (775) 688-20-94 телефондары арқылы алуға болады. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив