Көлік министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында көлік саласының өткен жылғы көрсеткіштері қорытындыланды

Көлік министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында көлік саласының өткен жылғы көрсеткіштері қорытындыланды

Көлік министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара барысында көлік саласының өткен жылғы көрсеткіштері қорытындыланды.

Министр Марат Қарабаев ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша көлік саласындағы нақты көлем индексі 106,9% құрады. Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүктердің көлемі 21%-ға ұлғайып, 32,3 млн тоннаға жетті. Барлық бағыт бойынша оң динамика байқалады.

2023 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 10,7 мың шақырым автожол, оның ішінде 6,5 мың шақырым республикалық маңызы бар жол қамтылған. Құрылыс және реконструкциялау жұмыстары 3,6 мың шақырымда жүргізілген, оның ішінде 856 км пайдалануға беріліп, 923 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген.

Негізгі күш-жігер салынып жатқан Қарағанды-Алматы, Талдықорған-Өскемен, Атырау-Астрахань жобаларын аяқтауға бағытталып отыр. Нәтижесінде бұл учаскелерде қозғалыс ашылды.

Күрделі және орташа жөндеумен 2,9 мың шақырым жол қамтылды, оның ішінде 1,1 мың км (200 км күрделі жөндеу, 900 км орташа жөндеу) автомобиль жолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жергілікті желіде 4,2 мың км жөндеумен қамтылып, оның 3,6 мыңы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде республикалық және жергілікті желілердегі нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 87 пайызға дейін жеткізілді.

Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдау көлемі 3%-ға, яғни 297 млн тоннаға дейін артты. Экспорттық, импорттық және транзиттік бағыттар бойынша өсім байқалады. Республика ішіндегі бағыттар бойынша 164,1 млн тонна (-0,6%), экспорттық бағыттарда – 85,6 млн тонна (+9%), импорттық бағыттарда – 20,2 млн тонна (+10%), транзиттік бағыттарда – 27,4 млн тонна (+18%) тасымалданған.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – жылжымалы құрамды жаңарту. Осылайша, өткен жылы 113 локомотив, 275 жүк вагоны және 118 жолаушылар вагоны сатып алынған. Сондай-ақ 1 443 км магистральдық желіде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Теңіз көлігі саласында 2023 жылы теңіз порттары арқылы тасымалдау көлемі 7,2 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 11% - ға артық.

Жүктердің құрылымында Еуропалық елдер бағытында қазақстандық компаниялардың экспорттық тасымалдары басым.

Теңіз порттарында терминалдық қуаттар қарқынмен дамып келеді. Мәселен, Құрық портында жеке инвестициялардың қатысуымен өткен жылы қуаттылығы 1 млн тонна жаңа астық терминалы салынды. Жобалар Abu Dhabi Ports компаниясымен кооперацияда жүзеге асырылды.

Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету мақсатында Ақтау және Құрық порттары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізілді.

Сондай-ақ сингапурлық PSA International компаниясымен бірлесіп Транскаспий халықаралық көлік маршрутының қазақстандық учаскесін пилоттық цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзербайжан мен Грузияның көлік жүйелерімен Интеграция 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.

Азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады. Отандық әуе компаниялармен 13,3 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдан 21%-ға артық. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар көлемі 24%-ға, яғни 26,1 млн адамға дейін ұлғайды.

Алматы және Астана әуежайларында жолаушылар ағыны бойынша айтарлықтай өсім байқалады. Әуежайларда өңделген жүктердің көлемі 15% - ға немесе 145 мың тоннаға дейін өскен.

Әуе тасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін отандық компаниялардың ұшақтар паркін толықтыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 2023 жылы отандық әуе компаниялары 11 әуе кемесін сатып алды. Нәтижесінде сыйымдылығы 28 пайызға, яғни 15 мың 400 орынға дейін ұлғайды. Сонымен бірге жүк тасымалы сегментін дамыту мақсатында 3 жаңа жүк әуе тасымалдаушы құрылды.

Бүгінгі таңда көзделген басты міндет Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту шеңберінде Қазақстанды халықаралық транзиттік елге айналдыру болып табылады. 

Өткен жылмен салыстырғанда осы дәліз бойынша тасымалдау көлемі 65% - ға өсіп, 2,8 млн тоннаны құрады (2022 ж. – 1,7 млн. тонна). Оның ішінде, Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша қазақстандық өнімнің экспорты 2,5 есеге артты. 

Экспортпен қатар импорттық жүк ағынының да өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде еуропалық компаниялардың аталған халықаралық маршрутқа деген қызығушылығын көрсетеді. Жалпы көрші мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және компанияларымен ТХКМ-на экспортты тарту бойынша, оның ішінде осы тасымалдарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив