Жалпыға бірдей декларацияға қалай дайындалу керек?

Жалпыға бірдей декларацияға қалай дайындалу керек?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы декларацияларды ұсынудың бірыңғай мерзімі және жалпыға бірдей декларациялауға қалай дайындалу керектігі туралы хабарлайды. 

2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсыруы керек? 

Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады.

Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (АК 43-бабының 3-тармағы).

Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды. 

Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі? 

2024 жылдан бастап жеке тұлғалардың декларациясын тапсырудың ортақ мерзімі бекітілді. Енді 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-Salyq Аzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы. 

Декларацияны тапсыруға қалай дайындалуға болады?       

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Кейіннен активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.

Сондықтан декларацияны толтыру алдында:

1) тиісті растайтын құжаттарды дайындауды;

2) бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыруды;

3) декларация берілген сәтке дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3,5 млн теңгеден асатын мүлікті бағалауды;

4) Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын:

- бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kzhttps://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

- сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu сайттарда тексеруді ұсынамыз.

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жолдау қажет.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив