Теміржол вагондары паркін жаңартуға БЖЗҚ-дан алынатын қарызды қайтаруға мемлекет кепілдік береді - Көлік министрлігі

Теміржол вагондары паркін жаңартуға БЖЗҚ-дан алынатын қарызды қайтаруға мемлекет кепілдік береді - Көлік министрлігі

Көлік министрі Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы қорының қаражаты есебінен теміржол вагондары паркін жаңарту туралы мәселеге түсініктеме берді.

Марат Қарабаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі БЖЗҚ-дан қарыз алатынын растады. Оның айтуынша, қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алуға бағытталады. Жалпы 184 млрд теңгеге 100 жолаушылар вагоны мен 3 мың жүк вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

«Қоғамда талқыланып жатқан кейбір мәселелерге назар аударғым келеді. Біріншіден, БЖЗҚ қаражаты салымшыларға табыс әкелуге тиіс, сондықтан ақша «Бәйтерек» ҰБХ-ға сыйақының нарықтық мөлшерлемесі бойынша бөлінген. Екіншіден, холдинг мемлекеттік компания болғандықтан, қаражатты қайтаруды мемлекет 100% қамтамасыз етеді. Үшіншіден, вагондар тек қазақстандық зауыттарда жасалады. Бұл отандық өндірістерді жүктеу және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасайды. Жалпы қаражат Қазақстан Республикасының аумағында қалады», ­- деді Көлік министрлігінің басшысы.

Министр сондай-ақ қарызға алынған ақша теміржол вагондары паркін жаңартуға және қазақстандықтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталатынын атап өтті.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив