СҚО полицейлері жүргізушілерді жол үстінде мұқият болуға шақырады

СҚО полицейлері жүргізушілерді жол үстінде мұқият болуға шақырады

https://youtu.be/eKi9oz1njUQ 

Петропавлдан шығып, Көкшетау қаласына бара жатқан «MAN» жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері мен жол ұйымдарының көмегі қажет болды. Өткен демалыс күндері рейсті тезірек аяқтауды жоспарлаған жүргізуші «Мамлютка — Қостанай» автожолын қардан тазартып жүрген ДЭУ-53 ұйымының жол техникасын басып озбақ болғанда жолдан шығып кеткен.

Көлікті «К-700» тракторы бірден сүйреп шығара алмады. Жүргізуші кабинада түнеуге мәжбүр болды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таң атқан соң көмек ұйымдастырды. Жол ұйымының ауыр техникасынан бөлек, автокран келді. Оны жергілікті тұрғын Алексей Рогозин жіберді. Жүк көлігін жолға шығару үшін жол сақшылары осы учаскедегі қозғалысты уақытша тоқтатты. Алдымен тіркемесі, кейін көліктің өз ішығарылды.

«Қыс кезінде жол үстінде асығыстық жасамауды сұраймыз, - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах. – Жылдамдық режимін сақтап, мұз басқан, қалың қар жатқан қиын учаскелерде өзге көліктерді басып озбау керек. Құтқару қызметінің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отырған жөн». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив