ШҚО БАСҚАРМА БАСШЫСЫНА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА ТОЛЫҚ ЕМЕС АҚПАРАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ШҚО БАСҚАРМА БАСШЫСЫНА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА ТОЛЫҚ ЕМЕС АҚПАРАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 162-бабы бойынша монополияға қарсы органға толық емес ақпарат бергені үшін Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарлады.

ШҚО Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын назарға ала отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін жалпы айыппұл сомасының отыз пайызына қысқартты. Нәтижесінде лауазымды адамға 241 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін Департамент айыппұл сомасын оның жалақысынан немесе басқа кірістерінен мәжбүрлеп ұстау үшін жұмыс орны бойынша басқарма басшысына айыппұл салу туралы қаулы жіберді.

2024 жылғы 31 қаңтарда 241 500 теңге сомасындағы әкімшілік айыппұл жалақыдан мемлекет кірісіне толық көлемде аударылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив