Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы: Республикалық бюджеттен бір айда 160 млн теңге төленді

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы: Республикалық бюджеттен бір айда 160 млн теңге төленді

Қаңтар айында ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 1200-ден астам өтініш қабылдады. Қауіпті өндірістердегі жұмысшыларды қолдауға арналған бұл құрал Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы енгізілген. Бір айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен өтінім бергендерге 160 миллион теңгеден астам төленді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі жәрдемақы алуға Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарынан жүгінген.

Арнаулы әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшеріндегі арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан, сақтандыру ұйымдарының төлемдерінен, жұмыс берушілердің төлемдерінен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен және Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерден тұрады.

Жәрдемақы 55 жастан асқан адамдарға беріледі және зейнеткерлік жасқа дейін жалғасады. Аталмыш жәрдемақыны тағайындау үшін қызметкер БЖЗҚ-да 7 жылдан кем емес мерзімде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтаған болуы керек және ол зиянды жағдайларда жұмысын тоқтатқан, жұмыстан шыққан немесе жеңіл жұмысқа ауысқан болуы шарт.

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті ХҚКО-дан тапсыруға болады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға жәрдемақы проактивті форматта да тағайындалады – егер телефонға 1414 нөмірінен тиісті ұсыныс түссе, хабарламаға келісімдерін берулері керек.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив