АШМ фермерлер үшін 2023 жылғы қолайсыз ауа райының салдарын еңсеруді жалғастырады

АШМ фермерлер үшін 2023 жылғы қолайсыз ауа райының салдарын еңсеруді жалғастырады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік 2023 жылғы ауыл шаруашылығы маусымы аясында ауа райынан зардап шеккен фермерлердің қарыздарын ұзарту бойынша шаралар қабылдауда.

Осылайша, Ауылшаруашығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді.

Қабылданған жаңалықтар қарыз алушы үшін нашарлататын жағдайлардың туындауына байланысты сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі қарызды өтеу мерзімін 10 айдан 24 айға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру бойынша жеңілдікті бағдарлама мен ұзарту шаралары шеңберінде бюджеттік несиені қайта құрылымдау жүргізілді. Бұл бағдарлама қатысушыларына қарыздарды айыппұл санкцияларын қолданбай ұзартуға мүмкіндік берді.

Жоғарыда көрсетілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдаудан тыс қарыздарды ұзартуды жүргізу қажет болған жағдайда бюджет қаражатын қаржы институтының меншікті не тартылған қаражатына ауыстыру жолымен ұзартуды жүргізу көзделген. Бұл ретте осындай ұзартылған қарыздар бойынша қаржыландыру мөлшерлемесі нарық жағдайында қалыптасады және 19-20% -дан асуы мүмкін.

Осыған байланысты, түпкілікті қарыз алушы – фермер үшін сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында Қағидаларда субсидиялау бағдарламасына нарықтық мөлшерлеме бойынша ұзартылған кредиттік келісімдердің қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Тиісінше, ауыл шаруашылығы субъектілері еңбекақы мөлшерлемесін 6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік алады, ал айырмашылықты мемлекет төлейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрығы 2023 жылғы 29 желтоқсанда мемлекеттік тіркеуден өтті және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, жалпы 2024 жылы аталған бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мақсатында жергілікті атқарушы органдардан 87,2 млрд теңге бюджет қаражаты қарастырылған.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив