Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда құрылыс мәселелері талқыланды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда құрылыс мәселелері талқыланды

Комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мониторинг бойынша Ақтөбе облысындағы бюджет қаражатына салынып жатқан 75 әлеуметтік нысанның әрбір 3-сі проблемалы екендігін атап өтті.

Мәселен, соның бірі - қалалық білім бөлімінің бастамасымен, Құрылыс және жоспарлау бөлімдерінің келісімімен 2019 жылы басталған Шиелісай-1 ауданындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы.

Сметалық құны 350 млн теңгеге ұлғайтылған бұл нысан - бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылмаған. Бірақ, 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты немесе жалпы жоспарланған шығындардың 98 пайызы игерілген.

Осы тұста атап өтетін тағы бір жағдай - Шиелісай-1 ауданында орта мектепті салудың қажеттілігі болмаса да, қаланың әр түкпірінде орналасқан 12 мектепте оқушылар орындарында тапшылық болғанына қарамастан, құрылысты салу басталған. Сондай-ақ, 3 ауысымдық білім беру мәселесі - 2019 жылдан бастап, қаланың 4 мектебінде шешілмеген. Сондықтан, мемлекеттік органның асығыс шешімінің нәтижесінде орын алған осы жобаны одан әрі іске асырудың қажеттілігі жоқ.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отырыста Ақтөбе облысы әкімдігіне аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізуді ұсынды.

«Сонымен қатар, Ақтөбе облысы проблемалық құрылыс нысандары бойынша көшбасшы орында тұр. Бүгінгі таңда 15 салынып бітпеген құрылыс нысандары бар», - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Есқали Саламатов.

Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында құны 279,4 млн. теңге болатын спорт кешенін салу жобасы сынға лайық тағы бір мысал болып табылады, ол өңір басшысының қатысуымен ашылған, бірақ бүгінгі күнге дейін жұмыс істемейді. Осыған орай, БАҚ-тағы ақпарат негізінде құрылыс саласында арнайы білімі бар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер мен Қоғамдық кеңес өкілдері тұрғызылған объектінің ағымдағы жай-күйін айқындау мақсатында көшпелі мониторинг жүргізген. Нәтижесінде, көптеген ақаулар анықталды, оны құзыретті басқарма кепілдік міндеттемелері есебінен жоюды жоспарлауда.

Бүгінгі таңда қала мен облыс аумағында пайдалануға берілген, бірақ құрылыс кезінде жіберілген ақауларға байланысты спорт басқармасының теңгеріміне берілмеген осындай 2 спорт кешені бар екенін атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының соңында «Жоғарыда аталған фактілер - құрылыс басқармасының лауазымды адамдарының жұмысқа формальды көзқарасы туралы куәландырады», - деп атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив