Полицейлер 200 мың теңгелiк шырша ағашын ұрлаған

Полицейлер 200 мың теңгелiк шырша ағашын ұрлаған "Тараздық Гринчтi" анықтады

Жаңа жылдың қарсаңында Таразда "жергілікті Гринчтер" пайда болып, мерекенің басты сәнi шырша ағашының ұрлану дерегі тiркелуде. Белгісіз адам шыршаны тікелей тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады. 

Күдікті қараңғы түнде биіктігі 2 метрден асатын шырша көшетін ұрлап әкетіп, 200.000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Шырша" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, Жаңа жылда өз отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін үйіне ұрлап әкелген. 

Бапқа сәйкес көрсетілген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді. 

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив