Көлік министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті

Көлік министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті

Алматы қаласында Көлік министрі Марат Қарабаев жүк тасымалдаушылармен, логистика саласының мамандарымен, қалалық көліктік жоспарлау сарапшыларымен, жол-көлік факультеттерінің профессорлары, оқытушылары және студенттерімен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу Almaty Management University ғимаратында өтті. 

Екі сағатқа созылған әңгіме барысында кездесуге қатысушылар көлік саласында орын алған проблемаларды көтерді. Кездесуге келген тұрғындар тек шағымданып қана қоймай, нақты ұсыныстарын да ортаға салды. 

Марат Қарабаев көптеген мәселе бойынша нақты жауаптар қайтарып, ең көп сұрақ туындаған тұстары бойынша түсініктеме берді. 

Сондай-ақ ол мемлекеттік көлік саясатының басымдықтарын егжей-тегжейлі айтып, жаңа және перспективалы көлік-логистикалық жобалар туралы баяндап берді. Әңгіме барысында тіпті бұрын-соңды бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмаған тың дүниелер де айтылды. 

Көлік министрлігінің басшысы орын алған кейбір мәселелерді бірлесіп пысықтау және нақты шешім іздеу үшін жеке байланыс деректері мен Комитет басшыларының нөмірлерімен бөлісті. Кездесудің толық видео нұсқасы https://www.youtube.com/live/lZcoVzHgbaw?si=LN5Vm4lcCBPD8gfa  сілтемесі бойынша қолжетімді 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив