СҚО-да жедел уәкілдер демалыс күндері жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар ұсынудың 6 фактісін анықтады

СҚО-да жедел уәкілдер демалыс күндері жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар ұсынудың 6 фактісін анықтады

https://youtu.be/xQNJelo2T88 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, интимдік қызмет көрсететін притондарды анықтау бойынша бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді.

Үш тәулік ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде облыс орталығының аумағында полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша бірден 6 фактіні анықтады.

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері қаланың орталық бөлігінде клиенттерге эротикалық дене массажын жасап келген бірден екі пәтерді анықтады. Пәтерлердің бірі Интернациональная көшесіндегі үйде орналасқан; онда полицейлер 2003 жылы туған екі қызды ұстады. Әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналды. Ал боди массаж жасалған екінші пәтер Алтынсарин көшесіндегі үйлердің бірінен анықталды. Бұл әкімшіге де ҚР ӘҚБтК 450-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Баптың санкциясы 100 айлық есептік көрсеткіш түріндегі әкімшілік айыппұл салуды көздейді; ол 345 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ ҰҚҚКБ қызметкерлері рейд барысында қаланың әр түрлі бөліктерінде орналасқан төрт саунада «шақырту бойынша келетін қыздар» тарапынан интимдік қызмет көрсету фактілерін тіркеді. Сауна иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабының 1-бөлігі бойынша материалдар жиналды.

Тәжірибе көрсеткендей, әдетте рейдтер барысында жедел уәкілдер «оңай ақша табуды» қалайтын жас қыздарды ұстайды. Алайда, бұндай құқыққа қайшы әрекетпен айналысу денсаулыққа зиянды теріс әсер тигізеді, психологиялық салдары да жоқ емес. АИТВ-инфекциясын және басқа вирустарды жұқтыру қаупін тудырады және жалпы өмірге қауіп төндіреді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жеңгетайлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысы жалғасуда. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив