Марат Қарабаев БАҚ өкілдерінің министрлікке тікелей жүгінуге мүмкіндіктері бар екенін айтты

Марат Қарабаев БАҚ өкілдерінің министрлікке тікелей жүгінуге мүмкіндіктері бар екенін айтты

Көлік саласына жауапты министр Марат Қарабаев ҚР Көлік министрлігінің медиа-орталығында көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты және ведомство жұмысының өзекті мәселелері бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Министрлік басшысы БАҚ қызметкерлерін отандық азаматтық авиация, теміржол, автомобиль және теңіз көлігі салаларының, сондай-ақ автомобиль және теміржол құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, ағымдағы жай-күйі мен перспективалық даму жоспарлары туралы хабардар етті.

Марат Қарабаев көлік маршруттарына, әсіресе қарқынды дамып келе жатқан Орта дәлізге баса назар аударды. Министр 2022 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бағытында жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе артқанын атап өтті. Осы ретте тасымалдау көлемін одан әрі арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту, порт және терминалдық қуаттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту және басқа да іс-шараларды көздейтін 2027 жылға дейінгі «тар» жерлерді жою жөніндегі Жол картасына қол қойылғанын айта кеткен орынды.

Атап айтқанда, маршруттың қазақстандық учаскесінде, оның ішінде «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші жолдарды, Алматы станциясын айналып өтуге арналған теміржол желісін және «Дарбаза-Мақтаарал» және «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы басталған, «контейнерлік хаб» құру және отандық теңіз сауда флотын кеңейту жоспарда бар.

Нәтижесінде 2027 жылға қарай ТХКБ өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту және жеткізу мерзімін 14-18 күнге дейін, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 5 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау саласында транзиттік және импорттық-экспорттық жүктерді тасымалдау бойынша айтарлықтай өсім байқалады. 2022 жылы тек 3,6 млн тонна тасымалданған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,6%-ға артық.

Одан әрі өсуді қамтамасыз ету үшін көрші мемлекеттермен шекарадағы өткізу пунктерін жаңғырту, сондай-ақ жүктерді тасымалдауға рұқсат бланкілерін беру жүйесін жетілдіру жоспарланған.

«Автомобиль дәліздерін қайта құру мен олардың құрылысы бойынша жұмыстарды жеделдету қажет. Бұл «Астана – Алматы», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» учаскелері. Биыл ұзаққа созылған барлық құрылыс жұмыстары бойынша төменгі қабатта жол жүру қамтамасыз етілді, келесі жылы пайдалануға беруді көздеп отырмыз», деді Марат Қарабаев.

2024-2026 жылдары республикалық жолдардың шамамен 4,7 мың шақырымын реконструкциялау және салу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Бұл «Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда», «Қарағанды-Жезқазған», «Атырау-Доссор», «Астана-Қостанай-РФ шекарасы», «Павлодар-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы», «Атырау-Орал» және басқа да жол учаскелері. Жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аяқталған сайын кезең-кезеңімен басталатын болады.

Әуе тасымалдарын одан әрі дамыту үшін көлік министрлігі өңірлік әуежайларда жүк авиахабтарын дамытуды жоспарлап отыр. Логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальды орталықтар ретінде Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент әуежайларын дамыту жұмыстары басталды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық әуе компанияларымен 11 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17% - ға артық. Өсу серпіні биыл да сақталып отыр: 9 айда 9,9 млн жолаушы тасымалданған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 25% - ға артық. Қаңтар-шілде айларында ҚР әуежайларымен 70,7 мың тонна жүк өңделген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 25% - ға артық.

Авиация саласын одан әрі дамыту жоспары ұшу географиясын кеңейту жұмыстарын да көздейді. Бүгінгі таңда аптасына 605 рейс жиілігімен 116 бағыт бойынша 32 елге халықаралық рейстер орындалады. Биыл аптасына 50 рейс жиілігімен 12 елге 22 бағыт бойынша рейстер ашылып, қайта іске қосылды. Жылдың соңына дейін Алматы – Карачи (SCAT), Алматы – Куала-Лумпур (Air Asia X) бағыттары бойынша жаңа рейстер ашу жоспарлануда. 2024-2025 жылдары Бұхара, Мумбай, Прага, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа да қалаларға рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Баспасөз конференциясы аясында министр журналистердің теміржол жолаушылар тасымалы сервисін жақсарту, билеттер құнын төмендету, «ҚТЖ» ҰК қызметіндегі бұзушылықтар, Qazaq Air авиакомпаниясын сату және қазақстандық нарықта жаңа авиатасымалдаушылардың, оның ішінде лоукостерлердің пайда болу мүмкіндігі, жол құрылысы сапасы төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

«Сұрақ-жауап» форматында өткен кездесу барысында Марат Қарабаев Көлік министрлігі барынша ашықтықты ұстанатынын айта келе, БАҚ өкілдерінің кез-келген уақытта министрлікке тікелей жүгінуге мүмкіндіктері бар екеніне баса назар аударды. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив