«Global Gateway» форумы: Еуропа Одағы мен Қазақстан шикізат ресурстары мәселесінде ынтымақтастық орнатты

«Global Gateway» форумы: Еуропа Одағы мен Қазақстан шикізат ресурстары мәселесінде ынтымақтастық орнатты

2023 жылғы 25-26 қазан аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ төрағасы Ерлан Ғалиев  Брюссель (Бельгия) қаласында өткен  «Global Gateway» форумына қатысты.

«Жасыл» энергетика мен «жасыл» сутегіге көшу, инфрақұрылымды дамыту, маңызды шикізат ресурстары мен көлік дәліздері мәселелеріне арналған шараны Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен ашты.

Сапар барысында қазақстандық делегация сирек кездесетін металдар мәселесіне арналған панельді сессияға қатысып, тараптармен ортақ серіктестік мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Иран Шарханұлы мен Ерлан Ғалиев еуропалық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Аталған форум аясындағы – сирек кездесетін металдарды дамыту тақырыбына арналған сессия маңызды мәселелердің бірі болды. Сессия барысында еуропалық әріптестерімізге шикізат ресурсына қатысты Қазақстан әлеуетін таныстырдық.  Кездесулерде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында шикізат ресурстары, логистика саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды»,-деді вице-министр.

Форум барысында Global Gateway бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы 89 флагмандық жобаны жүзеге асыру басталды. «Global Gateway» ұйымдастырушысы Еуропа Одағы.

Анықтама: «Global Gateway» форумы ЕО және серіктес елдерден 40-тан астам жоғары лауазымды үкімет өкілдері, қаржы институттары, соның ішінде Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық қайта құру және даму банкі, жеке сектордың, азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан жиын. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

 министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив