Жамбыл облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген адамға алданып қалды

Жамбыл облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген адамға алданып қалды

Бұл туралы полиция бөліміне екі жәбірленуші шағымданды. Олардың айтуынша, белгілі бір адам оларға шетелдік көлік құралдарын есептен шығару қызметтерін ұсынған, ал олардың өз "есебі" болған. Жәбірленушілердің көліктері Қазақстан Республикасының аумағына 2023 жылы, яғни  рұқсат етілген мерзімнен кейін әкелінген. Күмәнді қызметтері үшін ер адамдар 1 500 000 теңгеден астам ақша  төлеген. Олар соңғы сәтке  дейін күтіп, алаяқтың айла-амалдарына түспедік  деп сенген. 

Есептен шығару үшін жалған қызмет беруші олардан көлік құралын тіркеу туралы куәлікті сұраған және дайын құжаттар 2 аптадан кейін келеді деп уәде берген.  Нәтижесінде, қолма-қол ақша алғаннан кейін, ол уәде етілген жұмысын әр түрлі сылтаулармен кейінге қалдырып және заңдастыру қызметінің аяқталуына қарамастан, машиналарды рәсімдейтініне сендірген. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері өңірдің бұрын сотты болған 33 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Айта кету керек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру Қазақстан Республикасында 2023 жылдың қаңтарында басталып, өтінімдерді қабылдау 1 шілдеде аяқталды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: алаяқтардың құрбаны болмау үшін, қолданыстағы заңнаманы айналып өту жолдарын іздемей, заң талаптарын талаптарын сақтау керек! Барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу қажет. Әйтпесе, заңды рәсімдерді айналып өту қадамдары екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив