Марат Қарабаев жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі министрлер тобының отырысына қатысты

Марат Қарабаев жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі министрлер тобының отырысына қатысты

Прага қаласында өтіп жатқан XXVII Дүниежүзілік жол конгресі аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті

OMNIPOL, Škoda Transportation және PRIMOCO компанияларымен жүргізілген келіссөздер барысында көлік саласындағы маңызды бірлескен жобаларды одан әрі дамыту және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Көлік министрлігінің басшысы еліміздің ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, шетелдік әріптестерін халықаралық деңгейде өзара тәжірибе және білім алмасу үшін Қазақстанға шақырды.

Өз кезегінде чехиялық OMNIPOL сауда-өнеркәсіп тобы қорғаныс саласы мен қауіпсіздік секторы үшін озық шешімдерді ұсынады. Компания Чехияның мемлекеттік органдары мен НАТО-ның қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы серіктесі болып табылады. PRIMOCO UAV SE компаниясы болса, автономды ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарып, әуе қызметтерін ұсынады. Компания Еуропалық Одақтан тыс елдердегі өндіріс орындарына инвестиция құюды қарастырып жатыр.

Ал Škoda Transportation компаниясы туралы айтар болсақ, ол жолаушылар көлігінің электр жылжымалы құрамын өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Өндіріс орны электр пойыздарын, едені төмен трамвайларды, троллейбустар мен электр автобустарын шығарады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда «Шкода Транспортейшн» компаниясымен бірнеше басым бағыттар мен жобалар бойынша келіссөздер жүргізілуде. Компания Қазақстанның инфрақұрылымы мен климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, оңтайлы пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларға кепілдік береді.

Сондай-ақ Чехияға жұмыс сапары аясында Марат Кәрімжанұлы дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі министрлер тобының отырысына қатысты. Делегация басшылары үшін көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылып, делегаттар Қазақстан павильонына барды. 

Көрменің ашылу салтанатынан кейін ведомство басшысы халықаралық көлік Федерациясының Бас хатшысы Янг Тхэ Киммен, сондай-ақ Канада Көлік министрінің орынбасары және Малайзияның еңбек министрімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік жол қауымдастығы ұйымдастырған жаһандық іс-шара 2-6 қазанда Чехия Прагасында өтіп жатыр. PIARC конгресіне 3,5 мыңнан астам жол және көлік саласының мамандары қатысуда. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив