МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ СУБСИДИЯЛАУҒА ҚАРАЖАТ КӨЛЕМІН ТЕҢ БӨЛМЕГЕН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ СУБСИДИЯЛАУҒА ҚАРАЖАТ КӨЛЕМІН ТЕҢ БӨЛМЕГЕН

 «Шығыс Қазақстан автотасымалдаушылар одағы» Қауымдастығының 2023 жылғы 23 маусымдағы қалалық көлік қызметтерін көрсетуге байланысты проблемалық мәселелер бойынша, оның ішінде «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ іс-әрекеттерінде автомобиль қоғамдық көлігінің қалаішілік маршруттарын субсидиялау мәселесі бойынша хатын қарау шеңберінде (бұдан әрі — Бөлім) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

Департамент бөлімнің іс — әрекеттерінде нарық субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына қолдауды тең көрсетпеген, атап айтқанда, Өскемен қаласының жолаушылар тасымалдаушылары арасында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға қаражат көлемін тең бөлмеу жолымен бәсекелестікке қарсы іс-қимылдар белгілерін анықтады.

2023 жылдың 22 тамызында Бөлім атына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілерін жою және бұдан әрі мұндай фактілерге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.

Бүгінгі күні хабарлама тасымалдаушылар алдындағы қарызды толық көлемде өтеу жолымен орындалды. Алдағы уақытта субсидиялау бойынша төлемдер тасымалдаушыларға тең пайыздық арақатынаста жүзеге асырылатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив