Әлеуметтік-құқықтық дайындық шеңберінде СҚО полицейлеріне азаптауды болдырмауға бағытталған заңнамалық шаралар туралы айтылды

Әлеуметтік-құқықтық дайындық шеңберінде СҚО полицейлеріне азаптауды болдырмауға бағытталған заңнамалық шаралар туралы айтылды

Азаптауға қарсы іс-қимыл Солтүстік Қазақстан полицейлерінің әлеуметтік-құқықтық дайындық бойынша кезекті сабағының тақырыбы болды. Мұндай сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Тәртіп сақшыларының дене шынықтыру және атыс дайындығымен қатар, құқықтық білімдерінде үнемі жетілдіріп отырады. Бұл жолы олардың алдында облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры Әлім Есімов пен СҚО адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Жұмабаев сөз сөйледі. Олардың аудиториясы СҚО ПД және ПБ жедел және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері болды. Сабаққа сондай-ақ, Петропавл қалалық патрульдік полиция батальоны да қатысты. Полиция қонақтары азаптауға жол бермеуге бағытталған заңнамалық шараларды егжей-тегжейлі қарастырып, тергеу мен анықтаудың заңсыз әдістері үшін жауапкершілік туралы еске салып, мемлекет көздеген адамның конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері туралы айтып берді.

"Заңдылықты қатаң сақтау — құқық қорғау органдарының беделін арттырудың басты шарты", — дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин. — Бұл әсіресе сервистік полиция қағидаттарын іске асыру тұрғысынан өзекті. Сондықтан әлеуметтік-құқықтық дайындық сабақтарына адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тұрғысынан ең өзекті тақырыптар шығарылады. Облыстық полиция департаментінің басшылығы облыстық полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі". 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив