Таразда ер адам пластикалық терезе мен балкон орнатамыз деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген

Таразда ер адам пластикалық терезе мен балкон орнатамыз деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген

Тараз қалалық полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне ықшам удандардың бірінің тұрғындары арызданған. Олар белгілі бір азаматтың арзан бағамен пластикалық терезелер мен балкондарды жасап, орнатып беремін деген желеумен олардың сеніміне еніп, ақшасын иемденіп, кейін түрлі сылтаулармен жалтарып немесе қоңырауларға жауап бермей жүргенін хабарлады. 

Пластикалық бұйымдарды орнатуы үшін тұрғындар оған 300-ден 585 мың теңгеге дейін қаражат  берген. Сенген  азаматтардан жиналған қаржы көлемі  2 130 000 теңгеден асады. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттеме бойынша босатылды. 

Осы қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив