Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар: нені білу керек?

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар: нені білу керек?

Қандай тауарларға рәсімделеді? 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 1 сәуірден бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) мына тауар түрлеріне рәсімдеу міндетті екенін еске салады:

- виртуалды қойманы қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері және тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша (тоңазытқыштар, мұздатқыштар - СЭҚ ТН 11 коды);

- виртуалды қойманы қолданбай, ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету (барлық тауарлар) бойынша.

Осылайша, Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде ТІЖ-ді міндетті түрде рәсімдеу тек 3 тауар санаты бойынша көзделген. Қалған тауарлар бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

Өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген кезде алушы ТІЖ-ды электрондық нысанда ресімдейді. 

Қандай мерзімдер белгіленген? 

ТІЖ-ді алушы кез келген көлік түрі арқылы – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, көлікті пайдаланбай – 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу (тасымалдау) кезінде растайды не қабылдамайды. 

Білу маңызды 

ТІЖ тауарлардың айналымын бақылау қамтамасыз етілетін тауардың тасымалдануы мен өткізілуін сүйемелдейтін құжат.

ТІЖ растау алдында тауарды алушы ТІЖ-де көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырып тексеруі, содан кейін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін растауы тиіс.

Мәліметтер расталғанға дейін сәйкес келмеген жағдайда, мұндай ТІЖ-ды қабылдамау керек.

Алушы ТІЖ-ді қабылдамаған кезде жеткізуші түзетілген ТІЖ-ді 3 жұмыс күн ішінде осындай түзетілген ТІЖ негізінде түзетілген ЭШФ-ны жазып бере отырып, ресімдеуге мүмкіндігі бар.

ТІЖ негізінде жазылған ЭШФ автоматты түрде толтырылады. Сандық сипаттамалар бойынша деректерді қоспағанда, ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс. 

Сұрақтар туындаса қайда хабарласу керек? 

ЭШФ ақпараттық жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін МКК сілтемесі бойынша ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығын пайдалануды ұсынамыз https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1.

Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электронды мекенжайына, сондай-ақ  8-7172-72-78-72 телефон нөмірі бойынша ЭШФ АЖ қолдау қызметіне хабарласуға болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Ray 23 февраля 2024 14:27

    Today, while I was at work, my cousin stole my iphone and tested to see if it can survive a thirty foot drop, just so she can be a youtube sensation. My apple ipad is now broken and she has 83
    views. I know this is completely off topic but I had to share it with
    someone!

    Stop by my web blog ... quibron-t 100 mg vente en ligne sécurisée

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив