Ақмола облысында 4,5 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақмола облысында 4,5 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қорытындысын шығарды.

2023 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен 4 581 901 мемлекеттік қызмет көрсетілді (олардың 3 805 692 немесе 80% жергілікті атқарушы органдар, ал 776 209 немесе 20% орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері көрсеткен).

Электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 4 341 162 немесе 94,7%.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 116 өтініш келіп түсті, 4 жолданым бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді, негізді жүгінгендердің ішінен 100 % (24 қызмет алушының) құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды.

Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды (оның ішінде: қысқартылған тәртіпте- 9), 327 500 теңге көлемінде айыппұл төленді.

Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 9 қызметкері тартылды.

Қоғамдық бақылау аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бару арқылы 49 аралау жүргізіліп, нәтижесінде 36 бұзушылық анықталды, оларды жою бойынша 36 ұсыным енгізілді. 

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив