Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің шаршауына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды акция өткізуде

Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің шаршауына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды акция өткізуде

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап өңір аумағында "Ұйқыдағы жүргізуші" республикалық акциясы басталды. Мақсаты-жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелеріне, еңбек және демалыс режимін сақтау қажеттілігіне аудару. 

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық автожолында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда- автожолдардың бекітілген учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады, автокөлікті тексереді және түсіндіру әңгімелерін жүргізуде.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары облыс көлік  жолдарындағы жедел жәрдем қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бірқатар алдын алу шараларын жүргізуде. 

Полицейлер еліміздің ең алыс түкпірлерінен  демалыс орындарына баратын саяхатшыларды тоқтатып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген жылдамдық және көлік рөліне отырар алдында демалудың маңыздылығы туралы ескерту жасай отырып, ЖҚЕ туралы бүктемелер, жадынамалар таратуда. 

Медицина қызметкерлері өз кезегінде жүргізушілердің шаршау жағдайына қатысты жедел тексеру жұмыстарын  жүргізіп, қысымын, тыныс алу жағдайын  өлшейді және қажетті ұсыныстар береді. 

– Кез-келген жол- көлік оқиғасының себебі туралы ең көп таралған түсініктеме- рөлді басқара алмау. Бұл жалпы сөз тіркесінің тасасында көбінесе жүргізушінің шаршау жағдайы  жасырылады. Рульде ұйықтауға байланысты жол-көлік оқиғасы барысында өлім мен ауыр жарақаттар жиі кездеседі, өйткені ұйқыдағы жүргізуші жылдамдықты төмендету немесе кедергіден жалтару әрекеттерін қабылдай алмайды.

Біздің мақсатымыз-барлық азаматтардың назарын осы мәселеге аудару және бір қателік көптеген адамдардың тағдырына әсер етуі мүмкін дегенді барынша түсіндіру, - деп хабарлады ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының  бастығы полиция подполковнигі Ержан Мананбаев. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері атап өткендей, "Ұйқыдағы жүргізуші" ЖКО-ның алдын алу бойынша бірлескен рейдтер жол қозғалысына қатысушылар арасында қолдауға ие болуда. Азаматтар полицейлерге атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдірді. 

Сонымен қатар, акция басталғаннан бері полицейлер жол қозғалысы ережелеріне қатысты 12 126 бұзушылықты тіркеп, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған- 1694 жүргізушіні, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқарған 32 жүргізушіні анықтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив