Шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты отандық кәсіпорындардан 200-ге жуық өтінім түсті

Шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты отандық кәсіпорындардан 200-ге жуық өтінім түсті

QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру бойынша 6 айда атқарылған жұмысты қорытындылады

Жыл басынан бері аталған орталыққа отандық өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығындардың бір бөлігін өтеу жөнінде 200-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның ішінде ішкі нарыққа өнімдер мен қызметтерді ілгерілетуге 64 өтінім және еңбек өнімділігін арттыруға 132 өтінім бар. Бұл кезең аралығында QazIndustry қазақстандық кәсіпорындардың 94 млн теңгеден астам қаражатқа шығындарын өтеуге қолғабыс етті.

Өтінімдердің басым бөлігі Алматы, Шымкент, Астана, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан келген. Салалар бойынша жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және АӨК секторындағы кәсіпорындардан өтініш көп түскен.

Биылғы қаңтар-маусым аралығында орталық мамандарымен кәсіпорындардың шығындарын өтеу тетіктерін түсіндіруге қатысты 200-ден астам консультация, сондай-ақ ашық есік күндері және кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізілді. Бұған қоса өңірлерде көшпелі семинарлар мен вебинарлар ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа жылжытуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге жәрдемдесіп келеді. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты орталықтың сайты арқылы «бизнесті ынталандыру» бөлімінен білуге болады. Сонымен бірге ашық есік күндері де ұдайы өткізілетінін айта кетейік. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив