Мектеп бітіру кештері: жамбылдық полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Мектеп бітіру кештері: жамбылдық полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Ағымдағы жылғы  20-22 маусым аралығында өткізілуі жоспарланған мектеп бітіру кештеріне байланысты тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген қызмет атқаратын болады.

Қызметті үйлестіру және түрлі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде мектеп бітіру кештерін өткізу орындарында жедел ден қою үшін қосымша жедел штабтар құрылды.

Салтанатты және бейресми бөлімдерді өткізу кезеңінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары облыстың барлық мектептері бойынша бітіруші 12 076 түлекті қамтиды.

Полицейлер түлектермен және олардың ата-аналарымен, ойын-сауық мекемелерінің иелерімен және дүкендері бар жеке кәсіпкерлермен 5746 профилактикалық әңгіме өткізді. 4 мыңнан астам профилактикалық мазмұндағы брошюралар мен парақшалар таратылды.

- Мектеп бітіру кештері кезінде ата-аналар балаларына ерекше назар аударуы керек. Сондай-ақ, салтанатты іс-шараларда алкоголь ішуге, темекі шегуге және зиянды  заттарды қолдануға тыйым салынғанын еске саламын. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректеріне жол бермеуге ерекше назар аударылды (ТҚ-ны заңсыз басқару; терезелерден, ТҚ люктерінен шығару; кортеждердің қалыптасуы және тұрақсыз қозғалысы). Тыйым салынған жерлерде шомылудан және іс-шарадан тыс жерлерде мерекелеуден бас тартқан жөн. Су айдындарында, көпірлерде, жолдың жүру бөліктерінде таң шапағын күтуді  болдырмау мақсатында іс-шара толық аяқталғанға дейін оқушыларды ертіп жүруді ұсынамыз. Бітіру кеші мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер үшін ең көптен күткен және  керемет мереке. Мен барлығында тек жағымды эмоциялар мен естеліктер болғанын қалаймын. Бұл уақыттың қызықты өтуі сізге де байланысты, - деді облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы  ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив