Мыңнан астам солтүстікқазақстандыққа тегін заңгерлік кеңес берілді

Мыңнан астам солтүстікқазақстандыққа тегін заңгерлік кеңес берілді

26 мамырда бір мезгілде Қазақстанның барлық ірі қалаларында кезекті «Халық заңгері» кең ауқымды жалпыұлттық акциясы өткізілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі 2016 жылдан бастап Zakon.kz желілік басылымымен, «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп өткізетін іс шара, халыққа тегін заң көмегін көрсетудің дәстүрлі алаңына айналды.

Өткізу географиясы кеңейгенін атап өткен жөн, биылғы жылы акция өңірдің барлық аудандарында да ұйымдастырылды.

Ашық аспан астында Петропавл қаласының орталық көшесінде, сондай-ақ аудан орталықтарында 100-ден астам сарапшы 1350 адамға кеңес берді.

Халықтың сұрақтары мен проблемалары әртүрлі. Негізінен жер қатынастарына, еңбек заңнамасына, ТКШ-ға, мұрағаттық құжаттарды алуға, сот дауларына, отбасылық-некелік қатынастарға және т.б. қатысты, оларға білікті заңгерлер тарапынан нақты түсініктемелер берілді.

Акцияға адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері белсенді қатысты.

Көбінесе адамдар құқықтық жанжал туындаған жағдайда қалай қорғану және неден бастау керектігін білмейді, осы тұрғыда «Халық заңгерінің» көмегі баға жетпес, өйткені оның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив