Ақтау қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті

Ақтау қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 26 мамырда Қабиболла Сыдиықов атындағы әмбебап кітапхананың залында өткен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына қатысты.

Бұл акция Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өтті және оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, желілік басылым zakon.kz, «Параграф» ақпараттық жүйесі.

Акцияның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдай қалыптастыру, ашықтық пен қол жетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді алуды автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

ҚР барлық ниет білдірген азаматтары тегін біліктілік кеңесін ала алды. Акцияға үздік заңгерлер мен адвокаттар, нотариустар мен прокурорлар, тергеушілер мен сот орындаушылары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акция басталғаннан кеңес алу үшін кезек құрылды, ұйымдастырушылардың нақты үйлесімді жұмысының арқасында барлығы тиісті деңгейде өтті. Өңірдің бірде-бір тұрғыны өз сұрақтарына жауап алмай кеткен жоқ. Айта кету керек, акция соңғы клиентке дейін өтті, себебі адамдар кеңес алу үшін жұмыс күнінен кейін де келді.

Мұндай акция жыл сайын өткізіледі, оның миссиясы Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарды және мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғау болып табылады. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив