Прокуратура органдарының жолданымдарды қарау практикасы туралы

Прокуратура органдарының жолданымдарды қарау практикасы туралы

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылғы 3 айда прокуратура органдарына азаматтар мен заңды тұлғалардан 65 мыңнан астам арыз келіп түсті, оларды қарау нәтижелері бойынша 8,5 мыңға жуық арыз иелерінің  құқықтары қорғалды, 1,5 мыңға жуық прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілді.

Олардың басым бөлігі сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығы мәселелеріне немесе 39% (25,2 мың), әлеуметтік-экономикалық саланың 20% (12,8 мың), 8% (5,3 мың) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерімен байланысты болды.

Прокурорлар жеке қабылдауда 11,5 мыңнан астам азаматты қабылдады, оның ішінде 8,5 мыңнан астамын прокуратура органдарының басшылығы қабылдады.

Қанағаттандырылған арыздардың ең көп саны немесе 47% (4 мыңнан астам) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардан тұрады.

Көбінесе азаматтар  жер мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек заңнамасы саласы, сот шешімдерін орындамау, екінші деңгейдегі банктер алдындағы кредиттік міндеттемелерді орындау, денсаулық сақтау, білім сапасы бойынша шағымданады, оларды қарау прокуратура органдарының құзыретіне кірмейді.

Сол себепті, ондай шағымдар құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдар мен ведомстволарға қайта жіберіледі.

Прокурордың дауға араласуын болдырмайтын нақты уәкілетті органдардың жолданымдарды қарау қажеттілігі қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура органдарының өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмауын көздейтін «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 4-тармағының талаптарына байланысты.

Заңға сәйкес прокуратура органдары мынадай:

- өзін қорғай алмайтын адамдардың (физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де жағдайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайды), шектелмеген адамдар ортасы мен кәмелетке толмағандар тобы мүддесі үшін;

- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында;

- адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын заңдылықты бұзушылық фактілері;

- Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша жолданымдарды қарайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттардан басқа, егер адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не уәкілетті орган болмаған кезде прокуратура органдары жолданымдарды қарайды.

Сондай-ақ Азаматтық процестік кодекске сәйкес прокурорлар мемлекет пен қоғамның, өз құқықтарын өз бетінше қорғауға қабілетсіз адамдардың мүдделері болған жағдайларда, сондай-ақ заңда белгіленген немесе прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда ғана сот шешімдеріне шағымдарды қарауға құқылы.

Өз кезегінде, жеке-құқықтық даулар бойынша тараптар даулы сот актілеріне сотқа дербес шағымдануға тиіс.

Сондықтан егер жолданымдар көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес болмаса, азаматтар мен заңды тұлғалар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгінуі керек.

Бұл талаптар қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласында белгіленген жолданымдарға қолданылмайды.

Жоғарыда аталған талаптарды білу арыз иелеріне  қажетті адресатқа дереу жүгінуге мүмкіндік береді, бұл олардың сұрақтарын шешуді тездетеді. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив